«Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізі: Азия елдерімен сауда байланысын жандандырады

«Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізі: Азия елдерімен сауда байланысын жандандырады

«Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізін дамыту Азия мемлекеттерімен сауда байланысын жандандырып, елімізді көлік-логистикалық хабқа айналдырады. Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Арман Ешмұратов осылай дейді. Оның айтуынша, бұл бағыт жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта бизнесті түлетуге де тың серпін береді. Себебі, дәліз астықты, ауыл шаруашылығы өнімдері мен металл бұйымдарды Иран мен Үндістан нарығына тасымалдауда стратегиялық мәнге ие. Еске салайық, Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIII Консультативтік кездесуінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ресеймен ынтымақтастық тұрғысынан «Солтүстік-Оңтүстік» бағыты Қазақстан үшін өзекті екенін атап өткен еді.