Шуда жаңғыртудан өткен теміржол вокзалы ашылды

Шуда жаңғыртудан өткен теміржол вокзалы ашылды

Жамбыл облысының Шу қаласында қайта жаңғыртудан өткен теміржол вокзалы пайдалануға берілді. 1989 жылдан бері бұл нысан бірінші рет күрделі жөндеуден өтті. Шум еліміздің ең ірі теміржол торабы саналады. Бұл вокзал арқылы тек біздің елдің ғана емес, көршілес мемлекеттердің Мәскеу, Ташкент, Бішкек сынды ірі қалаларына да қатынауға болады. Мұндағы 18 жолақты торапқа тәулігіне 35 жолаушы және 100 жүк пойызы аялдайды. Шу теміржол вокзалының жалпы алаңы – 7 мың шаршы метрден асады. Жөндеу жұмыстарына республикалық қазынадан 6 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінсе, нысан аумағын абаттандыруға жергілікті бюджеттен 524 млн теңге қарастырылды.