Шахмат олимпиадасы: Қазақстанның әйелдер құрамасы екінші орында
Қазақ қыздары Самарқандтағы шахмат Олимпиадасында екінші орынға көтерілді. Ұлттық құрама Әзербайжанды жеңіп, қатарынан алтыншы рет жеңіске жетті. Енді қыздарымыздың қоржынында 12 ұпай бар. Әлемнің түкпір-түкпірінен 400 команда қатысып жатқан додада ерлер құрамасы да жақсы нәтиже көрсетті.
Алты матчта алты
жеңіс. Расында, қазақ шахматшылары үшін Самарқандтағы кезекті сайыс сәтті өтті.
Қазақстанның әйелдер құрамасы алтыншы турда Әзербайжанмен тартысты ойын
көрсетті. Төрт тақтадағы ойынның бірінде ғана жеңіс тіркелсе де, ол
жалпыкомандалық есепте жеңіс әкелді. Есеп - 2,5:1,5. Шешуші ұпайды Алуа Нұрман
әкелді. Ол Әзербайжанның мықты шахматшысы Гюнай Мамадзаданы жеңді. Ал Бибісара
Асаубаева, Меруерт Камалиденова және Зарина Нұрғалиева партияларын тең аяқтады.
Осылайша, әйелдер құрамасы 12 ұпаймен екінші орынға көтерілді.