Шәкірт ұстаздан асып түссе, бұл мен үшін ең бақытты сәт - Нұрқанат Жақыпбай
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрқанат Жақыпбайдың театр және кино саласында жарты ғасырдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқанын айтып, төл мәдениетімізді өркендету жолындағы қызметіне жоғары баға берді. Мемлекет басшысы режиссердің көрерменнің көзайымына айналған мазмұнды қойылымдарды сахналап, театр әлемінің нағыз майталманы ретінде танылғанын атап өтті.