ҰСБ: орташа жалақы 486 мың теңгеге жетті
Қазақстанда орташа жалақы мөлшері 486 мың теңгеден асты. Ұлттық статистика бюросының талдауына қарағанда, бұл былтырғы жылдың соңғы тоқсанындағы көрсеткіштен 5 пайызға жоғары. Аймақтар бойынша ең көп айлық табысы бар азаматтар мұнайлы аймақтың бірі – Маңғыстауда тіркелген – 673 656 теңге. Одан кейін астаналықтардың алатыны көп – 647 920 теңге. Үшінші орында – Атырау облысы. Мұндағы орташа жалақы – 631 555 теңге. Ал ең төмен көрсеткіш Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарында. Орташа жалақы мөлшері – 363 мың теңге шамасында. Ал елдегі жалақының медианалық көрсеткіші 348 415 теңгеге тең. Бұл ең көп және ең аз жалақының ортасына тең көрсеткіш. Яғни, қазақстандықтардың жартысы одан көп жалақы алады деген сөз.