Саябақ аумағы тазартылды
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасуда. Бүгін Шымкент жастары қала көшелеріне шығып, аймақтағы саябақтарды ретке келтірген. Қаладағы ең үлкен демалыс орны «City Park» мемлекет меншігіне қайтарылып, қала күні ашылған болатын. Еріктілер ат шаптырым жерді алып жатқан жаңа саябақтың жолдарын сыпырып, шашылған тал жапырақтары мен қоқыстарын тазалады. Парктегі су бұрқақтардың айналасындағы қалдықтарды жинап, арбаттағы бордюрлерді сүртіп шықты. Миллионды қаланың ерікті жастары жыл басынан бері жалпы осындай 60 рет сенбілік жұмыстарын өткізді. Оған қаладағы 9 жоғары оқу орны мен 40-қа жуық колледждің белсенді және ерікті жастары қатысты.