Сарыағаш айналма жолы жаңа технологиямен салынады
Президент тапсырмасымен салынып жатқан Сарыағаш айналма жолы жаңа технологиямен салынады. Сапасы бес сатылы бақылаудан өтеді. Өйткені бұл Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы басты транзиттік дәліз болмақ. Қазір айналма жолды салатын мердігерлер анықталды. Топырақ төселіп, жабындысы тегістеліп жатыр. Жол құрылысына жұмсалатын материалдар ұлттық сапа орталығының сараптамасынан өтеді. Жүз шақырымдық тас жол бойында 9 жолайрық, 26 көпір, 11 теміржол өткелі, 4 демалыс алаңы және 10 ақылы жол аркасы орнатылады.