«Сарбаз жолы» республикалық жобасы

«Сарбаз жолы» республикалық жобасы

Павлодар облысында жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салу рәсімі өтті. Жас өрендер Ұлттық ұлан қызметіне аттанды. Салтанатты шара «Сарбаз жолы» республикалық жобасы  аясында ұйымдастырылды. Павлодар облысы – осынау жаңа әскери дәстүрді қолдаған үшінші өңір атанып отыр. 

¤

Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар бүгін әскер сапына қосылды. Іріктеудің бірнеше сатысынан өтті. Өйткені ең таңдаулы әскери құрылымдарға қабылданды. Әр сарбазға Ата Заңды табыстау да рәсімнің ең тағылымды тұсы болды. Жас жауынгерлер Отан алдындағы борышты өтеу – азаматтық парыз екенін жақсы түсінеді.