Сарапшылар Президенттің Орталық Азияда ЖИ серіктестігін құру бастамасын қолдайды
Аса маңызды технологияларды бақылаудың бірлескен тәсілдері әзірленуі мүмкін. Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының 8-ші консультативтік кездесуінде Мемлекет басшысы осындай бастама көтерді. Жасанды интеллектіні жауапты пайдалану туралы декларация дайындауды ұсынды. Бұл құжат елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға да жол ашуы мүмкін. Атап айтқанда, ғылыми орталықтар, университеттер мен технологиялық компаниялар өзара тәжірибе алмасып, бірлескен жобаларды жүзеге асыра алады. Отандық сарапшылар да бұл бастаманы қолдайды. Өйткені жасанды интеллектінің мүмкіндігі артқан сайын, оны теріс мақсатта пайдалану қаупі де күшейіп келеді. Сондықтан тың технологияны дамыту ғана емес, оны қауіпсіз қолдану жолдарын да қарастыру қажет дейді мамандар.