Самокатпен жаяу жүргіншілер жолағымен жүруге тыйым салынды
Енді жаяу жүргіншілер
жолағымен самокат мініп жүйткігендерге айыппұл салынады. Бүгіннен бастап жаңа талап күшіне енді. Бұл азаматтардың қауіпсіздігі үшін керек
дейді, құзырлы органдар. Себебі жыл басынан самокаттар мінгендердің кесірінен
47 жол-көлік оқиғасы тіркелген, 4 адам қаза тауып, 300-ге жуық адам түрлі
жарақат алған.
Бекболат Сатуов, тілші:
- Енді электрлі
самокатпен тротуар мен жаяу жүргіншілер жолында жүруге болмайды. Веложолақ
болмаса көліктермен қатар көшенің оң жағына түседі. Оның өзінде 18 жастан
асқан, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі бар және қорғаныш шлемін киген
азаматтар ғана шыға алады. Қараңғы уақытта самокат жүргізушілері жарық
қайтарғыш элементтерді пайдалануы тиіс. Жаңа талап бойынша электросамокатпен
жолаушы немесе жүк тасымалдауға да тыйым салынады. Ал жаяу жүргіншілер
өткелінен өткен кезде жүргізуші самокаттан түсіп, оны жаяу жетектеуі керек.