Құрылыс саласын цифрландыруға арналған отандық ЖИ-платформа

Құрылыс саласын цифрландыруға арналған отандық ЖИ-платформа

Отандық стартап жоба Токиода өтетін дүниежүзілік building SMART форумына жолдама алды. Жаңа жүйе сәулетшілерді, девелоперлер мен мердігерлерді бір цифрлық кеңістікке біріктірген. Платформа жобаның құрылыс нормаларына сәйкестігін тексеріп, құжаттардағы қателерді анықтайды.Осыған дейін мұндайға бір аптадан астам уақыт кететін. Жаңа технология тексеру мерзімін екі күнге дейін қысқартады. Платформа құрылыс саласына таптырмас құрал. Ол нысанның жай-күйін бақылап, жобадағы кемшіліктерді дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.