Құрылтай Төрағасы ТүркПА Бас хатшысымен кездесті
Құрылтай мен Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясы арасындағы байланыс нығая түспек. Бүгін Заң шығарушы орган Спикері Айбек Дәдебай ТүркПА Бас хатшысы Рамиль Гасанды қабылдап, ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Құрылтай төрағасы еліміз бауырлас халықтар арасындағы ықпалдастық пен әріптестік қарым-қатынасқа ерекше басымдық беретінін атап өтті. Тарихи және мәдени байланыстарды одан әрі нығайту керегін айтты. Сондай-ақ, түркі елдерінің парламенттерімен тығыз қарым-қатынас жасау дәстүрін жалғастыратынын жеткізді.