Құрылтай сайлауының алдын-ала қорытындысы жарияланды

Құрылтай сайлауының алдын-ала қорытындысы жарияланды

Елдің саяси тарихында тағы бір белес артта қалды. Халық Құрылтай құрамын таңдады. Сонымен алдын-ала жарияланған тізім мынадай. «Әділет» партиясы 6 528 948, «Ауыл» партиясы 574 621, Respublica 509 631, ал «Ақ жол» 478 083 дауыс жинады. 285 395 азамат дауыс берген Қазақстан Халық партиясы мен 97 751 жанның таңдауы түскен «Байтақ» партиясы 5 пайыздық межеге жетпей, мінбердегі орыннан күдерін үзіп қалды. Ал 230 446 адам бәріне қарсы болған. Еске сала кетейік бұл соңғы нәтиже емес. Алдын-ала айтылған мәліметтер. Бірақ дәл осы көрсеткішке сүйенсек Құрылтайдың құрамындағы 111 депутат «Әділет» партиясынан, қалған 34 мандат төрт партия өкілдерінен жинақталады.