Құрылтай сайлауы: онлайн сервистер іске қосылды
Егер өз сайлау учаскеңізді анықтай алмай жүрсеңіз, алаң болмаңыз. Өйткені ол үшін әлдебір мекемеге қоңырау шалып әуре болудың да қажеті жоқ. Сайлау күні Орталық сайлау комиссиясы онлайн тіркеу платформасын іске қоспақ. Онда цифрлық форматта 5 мыңға жуық учаскенің қызметі қолжетімді болады. Егер мекенжайыңыз нақты шықса, бірден сонда таңдау жасауға болады. Сайлау күні 221 сайлау учаскесі әр қаладағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында да жұмыс істейді. Онда уақытша тіркеуден өтіп, бюллетень алуға мүмкіндік бар. Бұл іссапармен басқа жақта жүргендер үшін ыңғайлы. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 23 тамызда 10 мың 423 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 79-ы шетелдердегі елшіліктерде орналасқан. Дауыс беру таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Барлық ақпаратты eGov Mobile қосымшасынан да алуға болады.