«Реновация» бағдарламасы: 4 аумақта жаңа баспана салынады
Маңғыстау облысында «Реновация» бағдарламасының кезекті кезеңі басталды.
Мұнда бірден 4 аумақта әбден тозығы жетіп тұрған үйлер сүріліп, орнына жаңасы
салынады. Олардың қатарында бір қала мен 3 аудан бар. Бұл жұмысты облыс әкімі
Нұрдәулет Қилыбай өз бақылауында ұстамақ. Қазір аймақта 64 көппәтерлі үй апатты
жағдайда деп танылған. Жоспар бойынша 54 тұрғын үй салынып пайдалануға
беріледі. Тақырыпты өңірдегі тілшіміз тарқатсын.
Санияш Кесикова – Қарақия
ауданындағы Мұнайшы ауылының тұрғыны. 60-шы жылдардан бері осы үйде тұрады.
Әрине, уақыт өте келе баспанасы әбден ескірген. Сондықтан апатты үй санатына
енгізілген. Жалпы, Қарақия ауданында 15 көппәтерлі тұрғын үй апатты деп
танылған. Енді ескі ғимараттарда тұрып жатқан тұрғындарды жаңа баспанамен қамту
бағдарламасы қолға алынып, ауданда 5 көпқабатты үй салынбақ.