Құрамында қорғасын бар шикізатты өңдейтін кешен ашылды

Құрамында қорғасын бар шикізатты өңдейтін кешен ашылды

Ақмола облысында өндірістік шикізатты терең өңдеуге бағытталған жаңа кешен іске қосылды. Жобаға 7,4 млрд теңге инвестиция салынған. Кәсіпорын құрамында қорғасын бар металлургиялық шикізатты өңдеп, қорғасын кегасы, цементациялық мыс және минералды ұнтақтар өндіреді. Бүгінде зауыт айына 2-3 мың тонна шикізат өңдейді. Қазірдің өзінде 6 мың тонна қорғасын кегасы мен 350 тонна цементациялық мыс өндірілген. Кәсіпорын өнімдері отандық металлургия өндірісінде қолданылады. Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, кешен аумағында металлургиялық зауыт салу жоспарланып отыр.