«Әр азамат ел тағдырына өз тағдырындай қарауға тиіс» – Президенттің кітабынан

«Әр азамат ел тағдырына өз тағдырындай қарауға тиіс» – Президенттің кітабынан

Адамзат үшін әділеттің өлшемі өте қарапайым. Ол – өз құқығының қорғалғанын сезіну. «Заң мен Тәртіп» қағидаты дәл соның айғағы. Тәртіп бар жерде тұрақтылық та бар. Ал бұл сенімге негізделген мықты мемлекет қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгін Шымкенттегі ғалымдар бас қосып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты ой-түйіндер топтастырылған кітабын талқылады. Соның ішінде «Әділетті Қазақстан» құру идеясын сөз етті. Жиынға қатысушылардың пайымынша, әділетті қоғамның негізі – заң талаптарын сақтау ғана емес, азаматтардың жауапкершілігі мен өзара сенімін қалыптастыру. Кітапта 21 негізгі бағыт қамтылған. Соның бірі – қоғамдық-саяси, әлеуметтік және рухани-адамгершілік мәселелерге қатысты. Бұл еңбек әсіресе жастарға, соның ішінде мемлекетшіл буынға қажет деген баға берілді.

¤

Мерей Асқар, Шымкент қаласы бойынша жастарды қолдау кеңесі төрағасының орынбасары:

- Шыншыл сөз деген.Бұл жағымпаздықты қойып,шындықты айтуға және де еңбектен жалтармай шынайы еңбегіңді көрсете алуға. Қоғамға пайдалы болуға.Яғни осы жолда азаматтық міндетіңді қалыптастыруға негізделген,деп айтып кетсем болады.