Qarmet-тің мерекелік концертіне 65 мың көрермен жиналды

Qarmet-тің мерекелік концертіне 65 мың көрермен жиналды

Теміртау жұртшылығы Металлургтер күнін атап өтті. Яғни, жылдағы дәстүр бойынша Qarmet компаниясы мұнда ауқымды концерт ұйымдастырған. Оған 65 мыңға жуық көрермен келді. Думанды кешке қазақ эстрадасының жұлдыздары да қатысты. Жыл сайын шілде айының үшінші жексенбісінде тойланатын маңызды кәсіби мереке қалай өтті?

¤

Теміртау қаласы бір кешке тұтас өңірдің бас музыкалық алаңына айналды. Мұнда Металлургтер күніне арналған ауқымды концерт бұл жолы да рекордтық көрсеткішке жетіп, 65 мыңға жуық көрермен жинады. Ортақ мерекеде қала тұрғындары, зауыт жұмысшылары мен ардагерлер және аймақ қонақтарының басы қосылды. «Qarmet» компаниясы қалыптасқан игі дәстүрмен жұртты бір алаңға жинап, кәсіби мерекенің аясын кеңейте түскен. Жанды дауыстағы әуен мен ерекше шоу-бағдарлама бұл кешті осы жаздың ең ауқымды оқиғасына айналдырды.