Президенттің ой-тұжырымдары топтастырылған «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы
Біз озық ойлы ұлт болуымыз керек. Бәсекеге қабілетті ел болу үшін, ең алдым, білім-ғылымды дамыту қажет. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр Республика күніне арналған жиында айтқан сөзі. Мемлекет басшысының дәл осындай қанаттары сөздері «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» деген атаумен жарық көрді. Кітапта президенттің мемлекеттік қызметте жүрген 30 жылдан астам уақыттағы таңдаулы ойлары мен қанатты сөздері жинақталған. Сондай-ақ, 1994 жылдан бергі архивтік материалдары да енгізіліпті. Қазақстандағы және халықаралық алаңдардағы негізгі мәлімдемелерін де оқуға болады. Мұның бәрі хронология ретімен жинақталған. Еңбекте Мемлекет басшысының ел болашағы, ұлт сапасы, қоғам құндылықтары мен әділетті қоғам қалыптастыру туралы әр жылдары айтқан пікірлер де бар. Кітап 5 мың данамен шыққан. Ол барлық мемлекеттік кітапханаларға, университеттер мен колледждерге, жастар орталықтарына таратылды.