Президент Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады
Құрылтай жиынынан кейін Президент Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде мемлекеттік маңызы жоғары жаңа лауазым иесіне Қасым-Жомарт Тоқаев ел басқару жүйесіндегі орны туралы айтып, Вице-Президентке жүктелетін міндеттерді сөз еткен. Президент Ерлан Қаринге Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен байланыста өз атынан өкілдік етуді тапсырған. Сондай-ақ мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша Президенттің ұстанымын жеткізу міндетін де жүктеген.