«Президент тұжырымдары болашаққа бағыт сілтейді»
Президенттің ой-тұжырымдары топтастырылған «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы мемлекет басқару ісінде жүрген азаматтарға ғана емес, ел тағдырына бейжай қарамайтын қоғамның кез келген мүшесіне бағыт-бағдар береді. Жаңа жинақты бастан-аяқ оқып шыққан Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Бауыржан Атауов осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, әрбір оймақтай ойдың артында терең мағына жатыр. Алтын уақытты пайдалы іске арнау, жүріс-тұрыс әдебі мен қоғамдық мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік тіл тақырыбында арзан ұпайға әуестенбеу сияқты орамды ойлар ел болып ескеруді қажет етеді. Президенттің байыпты тұжырымдары бай тәжірибемен, қайраткерлік биігінен жазылған.