Президент семсерлесуден Қазақстан құрамасын құттықтады

Президент семсерлесуден Қазақстан құрамасын құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады. Дода Касабланкада өтіп жатыр. Осы жеңістің нәтижесінде спортшыларымыз Халықаралық семсерлесу федерациясының рейтингінде алғаш рет бірінші орынға шықты. Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар әлемнің ең айтулы додаларында Қазақстанның көк туын желбірете беруіне тілектестігін білдірді.