Президент Құрылтайдың негізгі міндеттерін айқындады

Президент Құрылтайдың негізгі міндеттерін айқындады

Бүгін Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті. Бірінші сессияны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, жаңа заң шығарушы органның алдында тұрған міндеттерді айқындап берді.

Бүгіннен бастап еліміздің саяси жүйесі мүлде жаңа кейіпке енеді. 30 жыл заң орнатқан қоспалаталы Парламенттің орнын бір палаталы Құрылтай басты. Атауының өзі тарихи. Құрылтай ұғымы қазақ даласында ел тағдыры таразыға түскен тұстарда ортақ шешім қабылдайтын жиын ретінде белгілі. Енді бұл атау араға заманауи заң шығарушы орган ретінде қайта жаңғырып отыр. Мемлекет басшысы да бүгінгі күнді ұлт жылнамасының жаңа парағы ашылған күн деп балады.