Президент Превентивті дипломатия тетігін іске қосуды ұсынды

Президент Превентивті дипломатия тетігін іске қосуды ұсынды

Қауіпсіздік мәселесі әрқашан Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес қызметінің негізгі басымдықтарының бірі болмақ. Мемлекет басшысы бүгін Бакуде өткен кеңестің VII саммитінде осылай деді. Шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған үшін әріптесі Ильхам Әлиевке алғыс айтты. Биыл ұйымға төрағалық ету міндеті Әзербайжанға берілген. Сондай-ақ, жиында Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бастапқыда Азиядағы қауіпсіздікті сақтап, сенімді нығайтуды көздейтін жалпыға ортақ тікелей диалог форматында құрылған бұл алаң бүгінде бірегей форумға айналды», - деді. Ұйымға қазір Азия құрлығындағы елдердің 90 пайызы мүшелікте. Сондай-ақ, бұл бірлестікті қауіпсіз әрі гүлденген Азия құру алаңы деп бағалады. Бұдан бөлек, превентивті дипломатия тетігін іске қосуды ұсынды.

¤¤

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бүгінде Ұйымға төрағалық етіп отырған Әзербайжан бұл миссияны лайықты деңгейде іске асырып келеді. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес Жарғысының қабылдануын асыға күтеміз. Бұл алдағы іс-қимылымыздың жол картасы болады.

¤¤

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев  Ұйым дау-дамайды бейбіт жолмен реттеуге, қарусыздандыруға және бейбітшілікті нығайтуға айтарлықтай үлес қоса алатынын айтты. Ол үшін БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ТМД және басқа да халықаралық институттармен байланысты бекемдеу керек. Сондықтан, Кеңеске мүше елдердің ұжымдық саяси ерік-жігерін нәтижелі бастамаларға жұмылдырып, Нақты қадам ретінде Превентивті дипломатия тетігін іске қосуды ұсынды.