Президент пен Бельгия Королі БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді
Бельгия ел экономикасына 2005 жылдан бері 15 млрд доллар көлемінде инвестиция құйған. Осылайша, ол Қазақстанның жетекші инвестициялық серіктестерінің қатарына кіріп отыр. Бүгінде қос тарап та көпжақты серіктестікті күшейтуге бейіл. Алдағы уақытта Көлік-логистика, аса маңызды минералдар, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, биотехнология, цифрландыру және ғарыш технологиялары салаларында ықпалдастықты жандандырып, жаңа мүмкіндіктерді қолға алмақ. Бұл туралы Мемлекет басшысы БАҚ өкілдеріне арналған брифингте айтты. Сондай-ақ, Президент ертеңге жоспарланған Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесі ортақ мақсаттар мен нақты нәтижелерге қол жеткізетін маңызды алаңға айналатынан атап өтті.