Президент Орталық Азияға ортақ телеарна ашуды ұсынды

Президент Орталық Азияға ортақ телеарна ашуды ұсынды

Мемлекет басшысы Орталық Азия және Әзербайжан елдері басшыларымен кездесуінде ортақ ақпараттық кеңістік қалыптастыруды ұсынды. Ол үшін отандық Silk Way телеарнасының базасын қолданып, ортақ телеарна ашуға мүмкіндік бар. Президенттің сөзінше, Орталық Азия елдерін ортақ тарихи және мәдени мұра байланыстырады. Соңғы жылдары мемлекеттер арасындағы мәдени байланыстар да жандана түскен. Көрмелер, кинофестивальдер, форумдар мен еске алу кештері ұйымдастырылып, жастар, университеттер, ғалымдар мен шығармашылық қауым өкілдері арасындағы байланыс күшейіп келеді. Ал бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру ынтымақтастығымызды тереңдете түседі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.