Президент мұғалімдердің жүктемесін азайтуды тапсырды
Жаңа оқу жылының алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылдағы дәстүрден жаңылмай ұстаздар қауымын республикалық тамыз конференциясына жинады. Елордадағы Тәуелсіздік сарайында елдің түкпір-түкпірінен келген 700- ден астам білім саласының маманы бас қосты.