Президент Кореяның бірқатар азаматын марапаттады

Президент Кореяның бірқатар азаматын марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Мұнда жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіп, қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық серіктестігін нығайту мәселесін талқылауы тиіс. 16 қыркүйекте мемлекет басшысы «Орталық Азия – Корея Республикасы» бірінші саммитіне қатысады. Ал бүгін Президент Қазақстанмен әріптестікті нығайтуға үлес қосқан бірқатар Кореяның азаматын «Достық» орденімен марапаттады. Сеулден тікелей эфирге әріптесім Дильназ Ерланқызы қосылып тұр.  Президенттің сапарына дайындық қандай екен?

¤

Дильназ Ерланқызы, тілші:

- Сеул Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапарына ерекше дайындалыпты. Орталық көшелерге қазақтың көк байрағы ілінген. Әрі «Орталық Азия – Корея Республикасы» бірінші саммитіне қатысатын елдердің де тулары қаз қатар тізілген. Инчхон халықаралық әуежайында арнайы оқу-жаттығу өтіп, оған 250-ге жуық қызметкер жұмылдырылғаннын жергілікті бақтар жазып жатыр.

Президент Кореяның бірқатар азаматын марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайдан осы елдің Премьер-министрінің орынбасары әрі Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун қарсы алды.

Мемлекеттік сапардың алғашқы күні марапаттау рәсімінен басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы әріптестікті нығайтуға елеулі үлес қосқан бірқатар кореялық азаматқа II дәрежелі «Достық» орденін табыстады. Қатарда қазақ-корей қатынасын нығайтуға үлес қосқан ғалымдар, саясаткерлер мен профессорлар бар. Солардың бірі - Орталық Азияны зерттеуші Сон Ён Хун. Ғалым қазақ тілік өте жетік меңгеріпті.