Президент қазанда Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Президент қазанда Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Президент қазан айында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Онда елдің қазіргі жағдайы бағаланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер, басым бағыттар мен жоспарлар айтылады. Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдан бері дәстүрлі түрде күзде Қазақстан халқына арнап ресми үндеуін жасайды. Жалпы биылғы жыл Қазақстан үшін саяси трансформация жасалған тарихи кезең болды. Конституция жаңарды. Құрылтай құрылды. Вице-Президент тағайындалып, Үкімет қайта жасақталды. Жаңаланған Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты жұмысына кірісті. Енді Халық кеңесі жасақталуы тиіс. Президент бүгін VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттаған жиында бұл саяси өзгерістерді ауқымды реформалардың өте маңызды бөлігі деп атады.