Президент Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусалламмен кездесті

Президент Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусалламмен кездесті

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусалламды қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысы халықаралық ұйымның Қазақстан су спорты түрлері федерациясына көрсеткен қолдауын жоғары бағалап, өзара серіктестікті нығайтуға ниетті екенін растады. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың су спорты түрлеріне қызығушылығы артып келе жатқанын жеткізіп, отандық атлеттер ел намысын халықаралық деңгейде лайықты қорғап жүргеніне тоқталды. Әсіресе, Дмитрий Баландиннің Рио-де-Жанейро Олимпиадасындағы тарихи жеңісін, Әділбек Мусиннің 2022 жылы өткен Азия ойындарында қола медальға ие болғанын еске салды. Ал, Хусейн Әл-Мусаллам қол жеткізілген табыстар мен қазақстандық спортшылардың биыл ХХ жазғы Азия ойындарында көрсеткен шеберліктері елдің спорт саласын өркендетуге айтарлықтай әлеуеті бар екенін айғақтайтынын атап өтті. Кездесу соңында Мемлекет басшысы әлемде және Қазақстанда су спорты түрлерін дамытуға үлес қосқаны үшін World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусалламды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.