Президент Ақтоғайдағы өндірісте озық технологияларды қолдануды тапсырды

Президент Ақтоғайдағы өндірісте озық технологияларды қолдануды тапсырды

Абай облысында салынып жатқан мыс балқыту зауытында заманауи технологиялар қолданылып, экологиялық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Бұл міндетті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев CNMC компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Вэнь Ганмен кездесуде жүктеді. Мыс өндіру мен балқыту қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін. Сондықтан Мемлекет басшысы өндіріс барысында қауіпсіздік талаптарын сақтауға баса мән берді. Қытайлық компания өкілі зауыт құрылысын белгіленген мерзімде аяқтап, озық технологияларды қолдануға уәде берді. Президент Қытайдың Қазақстандағы негізгі сауда-инвестициялық серіктестердің бірі екенін атап өтті. Ақтоғайдағы жоба екі ел арасындағы өнеркәсіптік байланысты нығайтып, отандық өңдеу саласына серпін береді. Бұл жаңа жұмыс орындары ғана емес, жергілікті мамандарды даярлауға да көмектеседі,-деді Президент.