«Phygital Sports Summit Astana 2026» форумы басталды
Елордада Дүниежүзілік фиджитал саммиті басталды. Жиынға Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Әзербайжан, Ресей және Беларусь елінің спорт министрлері мен халықаралық сарапшылар жиналды. Турнирдің басты мақсаты жастарды виртуалды әлеммен катар шынайы спортқа баулу. Жарыстың алғашқы үш күнінде алаңға 20 мыңдай көрермен жиналса, онлайн-трансляцияны 500 мыңға жуық адам тамашалаған.