Петропавл: Жылу құбырының 80% тозып тұр

Петропавл: Жылу құбырының 80% тозып тұр

Қысы қатты Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық кестеге сай жүріп жатыр. Демек, енді екі аптадан соң тұрғын үйлер біртіндеп жылуға қосыла бастауы тиіс. Әйткенмен де ескі құбырларды жаңарту жағы әлі де қаражатты қажет етеді. Мәселен, Петропавл қаласында орталық желілердің 80 пайызы әбден тозып тұр. Тілшіміз Самат Қайырденұлы баяндасын.

Бұл тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға деп берілген көпқабатты үй. 90 пәтерлі баспананың құбырына жуып-шаю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Артынша, желілер гидравликалық қысыммен тексеріледі. Сынақтан сәтті өтсе, нысанға дайындық паспорты беріледі.