Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағы жаңартылды

Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағы жаңартылды

Павлодар әуежайы ауқымды жаңғыртудан  өтіп жатыр. Қайтарылған активтер қаражатына ұшу-қону жолағы кеңейтілді. Әуе кемелерін қабылдау қауіпсіздігі артты. Ал 1 қыркүйектен бастап Павлодардан Астана мен Алматыға тұрақты әуе рейстері қайта жанданбақ.

Әуежайға Астанадан ұшып келген алғашқы борт ішінде 71 жолаушы бар. Кереку өңірі оларды шашу шашып, сый-сияпат ұсынып, ерекше ықыласпен қарсы алды.