Партиялардың теледебаттағы реті анықталды

Партиялардың теледебаттағы реті анықталды

Жаңа ғана біздің арнамызда жеребе тарту рәсімі аяқталды. Партиялардың теледебаттағы реті мен орны анықталды. Сонымен, «Әділет» партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «Байтақ» жасылдар партиясы, Қазақстан халық партиясы , «Ауыл» партиясы, «Ақ жол» партиясы және «Respublica» партиясы пікірсайысқа түседі. Айта кетейік, бұл алғашқы командалық теледебат. Ертең біздің арнада 20:00-де басталады. Жеті партиядан екі өкілден, барлығы 14 спикер қатысады. Олар "Заң мен тәртіпті" күшейтуге қатысты сайлауалды бағдарламаларын, ұсыныстары мен бастамаларын ортаға салады. Тікелей эфир барысында көрермендер экрандағы QR-код немесе WhatsApp арқылы пікірталасқа қатысушыларға өз сұрақтарын жолдай алады.