Отандастарымыз халықаралық байқауда үш гран-при жеңіп алды
Атыраулық өнерпаздар халықаралық байқаудан үш гран-при
және тағы алты бірдей жүлдемен оралды.
Жас дарындар Ресейдің Астрахань қаласында өткен «Достық көпірі. Ресей –
Қазақстан» халықаралық мәдени форумында бақ сынаған. Олар бұл өнер сайысына
бару үшін елімізде өткен «Jas tolqyn» байқауында топ жарып, жолдама алған.
«Jas tolqyn» жобасында топ жарғандардың бірі - Нұрсұлтан Абылай. Ол вокал номинациясында үздік танылып, Астраханьда өткен Халықаралық мәдени форумға жолдама жеңіп алған. Jas tolqyn-ның жетінші маусымында 7 мыңнан астам өнерпаз бақ сынасқан.
Нұрсұлтан Абылай, «Вокал» номинациясы бойынша гран-при иегері:
-Қазақстанды басқа елде қорғау мен үшін абырой.Біз Қазақстанның атынан басқа елдерге өзіміздің өнерімізді паш етіп, Қазақстан туралы Қазақстанды танытуға өтн үлкен үлес қосып жатырмыз. Астарханьда мен көптеген қызықты нәрселер үйрендім. Мастер-класс тағы да басқа қызықты ақпараттар өзіме үйрендім.
Жобаның басты қолдаушысы — Каспий Құбыр Консорциумы. Компания өндіріс жүргізіп жатқан өңірлерде әлеуметтік және мәдени жобаларды дамытуға айрықша көңіл бөледі. Талантты балаларды қолдауды - компания ел болашағына салынған басты инвестиция деп санайды.
Қайыргелді Қабылдин, ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі «КТК-К» АҚ Бас директорының орынбасары:
-Биылғы жылда Каспи құбыр консорциум 30 жылдығын тойлап жатыр. Әлеуметтік бағдарлама бойынша осындай қазақстан жас толқын дейді жас таланттарға КТК-ка мүмкіншілік береді.Бұл болашақта мен ойлаймын біздің үлкен сценаның мәдениеттің жұлдыздарына тууына себепкер болып тұр.
Халықаралық форум аясында қазақ жастары 3 Гран-при, тағы
6 жүлде алып қайтты. Осылайша, «Jas tolqyn» жобасы атыраулық өрендердің өрісін
кеңейтіп, үлкен сахнада ел намысын қорғауға жол ашып келеді.