Қостанайда робот-иттер патрульге шықты

Қостанайда робот-иттер патрульге шықты

Қостанайда робот-иттер патрульге шықты. Олар көшеде жүріп, дауысзорайтқышпен жұртты заң мен тәртіпке шақырады, пайдалы ақпарат таратады. Ұры-қары, алаяқтардан сақтандырады. Робот иттерді қала тұрғындары жылы қабылдады. Суретке түсіп қызықтап жатыр. Робот- сақшыларды Қытайда жасалған. Тегіс жерде дөңгелегімен жүйткісе, баспалдақ пен бордюрден адымдап өте алады. Олардың маңдайында камерасы, арнайы ескерту шамдары бар. Сол арқылы жедел басқару орталығымен тікелей байланысады. Мұндай техниканың бағасы да арзан емес. Үлгісі мен жасанды интеллект жүйесіне қарай құны 5 млн-мен 16 миллион теңге аралығында.