Қостанай облысында ірі жел электр стансасы салынады
Қостанай облысында қуаты 1 мың МВт болатын жел электр стансасы мен 300 МВт электр энергиясын жинақтау жүйесін салынады. Бүгін тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жоба құны 380 млрд теңге. Құрылыс келер жылдың көктемінде басталады. 2029 жылдың соңында пайдалануға беріледі. Бастама өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға, жаңа инвестициялар тартуға жол ашады.