Орталық Азиядағы жалғыз жоғары пилотаж фестивалі
Алматы облысында 16 тамыз күні «Байсерке аспаны» авиациялық шоуы өтеді. Орталық Азиядағы жалғыз жоғары пилотаж фестивалі осымен 6-рет ұйымдастырылып отыр.
Бұл жолғы авиашоу
бұрынғыдан өзгерек. 15-тен аса ұшақ пен тікұшақ бұрын-соңды болмаған күрделі
элементтерді көрсетпек. Ол үшін пилоттар бірнеше ай бойы арнайы дайындалған.
Сондай-ақ парашютшілердің секіруі мен авиациялық техника көрмесі ұсынылады.