Олжас Бектенов Премьер-министр қызметінде қалды

Олжас Бектенов Премьер-министр қызметінде қалды

Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметін басқара беретін болды. Бұған дейін ол мәжіліс алдында есеп беріп келсе, енді жаңа құрылым - Құрылтайға келіп тұрады. Енді қайта тағайындалған Премьердің алдағы күндері командасы жасақталуы тиіс. Олжас Бектеновтің берген уәдесіне қарағанда, ең бірінші жыл соңына дейін экономиканың өсімін 5 пайызға жеткізбекші. Ұлттық банкпен бірге инфляцияны тежеп, жұмыссыздықпен күресіп, халық табысын арттыруға дайын. Барлық салада цифрлық трансформацияның жасалуын қырағы қадағаламақ. Заң мен тәртіп қағидатын қолдап, Таза Қазақстан идеясын жалғастырады.