«Қоқыс тастамашы!» - экосақшылар рейдке шықты

«Қоқыс тастамашы!» - экосақшылар рейдке шықты

Жаздың жаймашуақ кешінде самал жел іздеп демалғысы келетіндер саябаққа барады. Бір ғана елорда аумағында 24 саябақ жұмыс істеп тұр. Әрқайсысына күн сайын мыңдаған тұрғын келіп серуендейді. Алайда жасыл желекті демалыс орындарындағы экологиялық мәдениет деңгейі қандай? Тұрғындар қоқыс тастау тәртібін сақтай ма? Қоғамдық орындардың тазалығы қаншалықты бақылауда?