Оқ өтпейтін әскери көлік – «Алан» жасалып жатыр

Оқ өтпейтін әскери көлік – «Алан» жасалып жатыр

Қазақстанда оқ өтпейтін әскери көлік жасалып жатыр. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Астана іргесіндегі Kazakhstan Paramount Engineering зауытына барып, жұмыс барысымен танысты. Мұнда «Алан» деп аталатын әскери көлік өндірілуде. Техника халықаралық стандартқа сай үшінші дәрежелі баллистикалық қорғаныс қаптамасымен жабдықталған. Қазір мамандар ауыр техника өндірісіне заманауи технологияларды енгізу мәселелерін қарастырып жатыр. Зауыт цифрландыру бағытына көшкен. Бұл өндіріс қуатын арттырады. Айта кетейік, кәсіпорын 10 жыл бұрын ашылған. Әрі Орталық Азиядағы ең ірі әскери техника өндірісінің ошағы саналады. Мұнда «Аланнан» басқа әскерилерге қажетті «Номад», «Арлан» мен «Барыс» көліктері құрастырылады.