Оң рөлді көліктер такси бола алмайды
Рөлі оң жақта
орналасқан көліктер енді такси қызметінде бола алмайды. Елде жолаушы тасымалына
қойылатын талап күшейді. Такси сервисі көлікті алдымен сәйкестендіру нөмірі
арқылы тексереді. Талапқа сай келмеген жағдайда жүргізушінің аккаунтын
бұғаттайды. Жүргізушілердің жолдағы тәртібі де қатаң бақылауда. Арнайы
қауіпсіздік орталығы жұмыс істеп тұр. Ондағы операторлар жылдамдықты шамадан
тыс асырғандарға, 8 сағаттан артық рөлде отырғандарға хабарласып, ескерту
жасайды. Қазір бұл шаралар нәтиже бере бастаған. Жылдамдықты асыру жағдайлары
42 пайыз азайған.