«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды
Алматы облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Өңір бойынша бақ сынаған 146 отбасының ішінен суырылып шыққан 12 әулет финалға өтті. Салтанатты шарада 9 отбасыға 150 мың теңгеден сыйақы табысталса, үздік үштікке қомақты жүлде бұйырды.
Кеген ауданынан
келген Бақашовтар білім саласына еңбек сіңірген өнегелі ұстаздар. Ерлан Бақашев
өмірден өткен бауырының қызын қамқорлығына алып, барлығы бес бала тәрбиелеп
өсірген. Бүгінде 15 немере сүйіп, қара шаңырақта берекелі ғұмыр кешуде.