«Мерейлі отбасы»: Ақтөбеде үздіктер анықталды

«Мерейлі отбасы»: Ақтөбеде үздіктер анықталды

«Мерейлі отбасы» байқауы өзге де өңірлерде жалғасып жатыр. Мәселен, Ақтөбе облысындағы сайыста 128 отбасы бақ сынапты. Бүгін мұнда жарыстың шешуші кезеңі өтті. Жалпы ұлттық құндылықтарды дәріптейтін доданың берері мол дейді қатысушылар.

Байқаудың биылғы үлгілі отбасыларының бірі – Байғанин ауданынан келген Есқазиевтер әулеті. Ерлі-зайыптының шаңырақ көтергеніне 67 жыл болған. Осы уақыт ішінде олар 12 баланы тәрбиелеп, 43 немере, 44 шөбере сүйген. Бүгінде әулеттің әр мүшесі түрлі салада еңбек етіп жүр.