Мемлекеттік грантты жұмыспен өтеудің жаңа ережелері
Докторантураны грантпен бітіргендер 3 жыл бойы өз мамандығы бойынша еңбек етуі тиіс. Ғылым және жоғары білім министрі мемлекеттік тапсырыспен оқыған түлектердің жұмысқа орналасуы мен грантты өтеу ережелеріне өзгерістер енгізді. Енді докторанттар түрлі ұйымдарда, ғылыми орталықтарда немесе мемлекеттік мекемелерде өтей алады. Сондай-ақ, отбасылы азаматтардың бірі жұмыс бабымен басқа өңірге ауысып, ол жақтан жұбайына мамандығы бойынша жұмыс табылмаса, бұл жағдай жеке қарастырылады. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар оқуды жұмыспен өтеу міндетінен толық босатылады.