Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапары аясында Сердар Бердімұхамедовпен кездесу өткізді. Алдымен Президент ықыласпен қарсы алып, қонақжайлық танытқаны үшін Түрікменстан басшысына алғыс айтты. Сондай-ақ, достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін атап өтті. Кездесуде тараптар ықпалдастықтың барлық бағытында оң динамика байқалатынына тоқталды. Мемлекеттер басшылары энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы бірлескен перспективті жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады. Бұдан бөлек, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге баса назар аударылды.