Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының президенті Тимур Турловты қабылдады

Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының президенті Тимур Турловты қабылдады

Қазақстанның шахмат мектебінің әлемдік аренадағы абыройы артып келеді. Бүгін Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының президенті Тимур Турловты қабылдап, қажетті инфрақұрылымды дамытуды тапсырды. Әрі оні федерацияға басшы болып тағайындалуымен құттықтады. Бүгінде Қазақстанда шахматпен 278 мыңнан астам адам жүйелі түрде айналысады. Президент Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль иеленген әйелдер құрамасының жетістігін айрықша атап өтті. Енді алда ұлттық құраманың әзірлігін күшейтіп, жас таланттарды анықтау міндеті тұр. Бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру да маңызды. Қазақстанда шахматтан ірі халықаралық жарыстар өткізу үшін ұлттық федерация мен FIDE арасындағы байланысты нығайту қажет деді.