Мектеп директорларын тағайындау қағидалары өзгерді

Мектеп директорларын тағайындау қағидалары өзгерді

Мектеп директорларын тағайындау тәртібі өзгерді. Енді басшының орны босаса, аудандық немесе қалалық білім бөлімі бес жұмыс күні ішінде облыстық білім басқармасына хабарлап, конкурс өткізуді сұрауы керек. Байқау аяқталғанша директордың міндетін орынбасары немесе педагог атқарады. Бірақ бұл мерзім алты айдан аспауы тиіс. Егер конкурс өтпей қалса, уақытша басшының өкілеті тағы жарты жылға ұзартылуы мүмкін. Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау тәртібі де жаңарды. Енді орта мектептердегі педагогтер конкурсы электронды түрде өтеді. Жас мамандарға жеңілдік қарастырылған. Соңғы екі жылда мемлекеттік грантпен жоғары оқу орнын тәмамдаған, бірақ педогогикалық еңбек өтілі жоқ түлектер конкурссыз жұмысқа орналаса алады. Ол үшін GPA көрсеткіші 3,33 балдан кем болмауы тиіс. Сертификаттаудан өткені және грантта оқығанын растайтын құжаты болуы керек.