Медициналық кітапшаның цифрлық нұсқасы қолжетімді

Медициналық кітапшаның цифрлық нұсқасы қолжетімді

Енді медициналық кітапшаның электрондық нұсқасы қолжетімді. Оны Егов мобайл, Халық қосымшаларынан көруге болады. Енді азаматтар құжат ұстап әуре болмайды. Сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлер медициналық тексеруден өту процесін онлайн бақылап, мерзімі өткен жағдайда жедел шара қабылдай алады. Бұдан бөлек, елімізде алғаш рет медициналық тексеру мен бақылау, зертханалық зерттеулер, вакцинация мониторингін біріктіретін бірыңғай цифрлық экожүйе де іске қосылды.